«Ротор» қазақстандық клубпен кездеспек

01.02.2021, 18:15
Матч екінші ақпанға жоспарланған.
«Ротор» қазақстандық клубпен кездеспек

Ертең "Ақтөбе" футбол клубы оқу-жаттығу жиынындағы екінші жолдастық кездесуін ресейлік "Ротор" командасына қарсы өткізеді.

Жақында ғана Дмитрий Шомко мен Алексей Щеткинді қатарына қосқан "Ротор" командасына "Ақтөбенің" бұрынғы ойыншысы Юрий Логвиненко да келіп қосылды.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін екі команда ОЖЖ аясында 2014 жылы жолдастық кездесу өткізген болатын. Матч 2:2 есебімен аяқталды. "Ақтөбе" үшін сол кездері Асхат Тағыберген мен Юрий Логвиненко гол салып, көз түскен еді.

"Ақтөбе" футбол клубының баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×