Ресей чемпионатындағы ең қымбат Қазақстандық футболшы болып келген Бахтиер Зайнутдинов бұл мәртебесінен айырылды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Соңғы мәліметтер бойынша, оның трансферлік құны төмендеп, отандастарымен теңесті.
Үштік теңесті
Transfermarkt жаңартқан тізімдегі басты жаңалықтарға тоқталсақ:
1. Бақтиер Зайнутдинов ("Динамо”):
Жартылай қорғаушының нарықтық құны 300 мың еуроға арзандап, қазіргі уақытта 2,5 миллион еуроны құрап отыр.
2. Нұралы Әліп ("Зенит"):
Ұлттық құраманың капитаны әрі Санкт-Петербург клубының қорғаушысы өзінің тұрақтылығын сақтап қалды. Оның құны өзгеріссіз — 2,5 миллион еуро.
3. Максим Самородов ("Ахмат"):
Грозныйлық клубтың шабуылшысының да бағасы сол деңгейде қалды — 2,5 миллион еуро.
Осылайша, Ресей біріншілігіндегі ең қымбат қазақ футболшысының есімі енді біреу емес, үшеу.