
Габон құрамасы мен «Хатайспор» клубының бұрынғы ойыншысы Аарон Бупендза Қытайда биік ғимараттың 11-қабатынан құлап, мерт болды.
Қайғылы жағдай Чжэцзян провинциясында орын алған.
Қайғылы оқиғадан кейін Қытай билігі жедел тергеу жүргізіп, бірқатар нұсқаларды қарастырған болатын. Бастапқыда БАҚ беттерінде Бупендза мен оның ағасы арасында жанжал болып, соңы итерумен аяқталған деген болжам атйылған. Бірақ, тергеу барысында бұл ақпарат расталмай, оқиға орнында үшінші тараптың болмағаны анықталды.
Марқұмның «Чжэцзян» футбол клубының жаттығуына себепсіз келмегені де белгілі болды. Клуб басшылығы футболшымен байланыса алмаған. Кейін оның қаза тапқаны белгілі болды. Аарон Бупендза осыған дейін Түркияның «Хатайспор» командасында өнер көрсетті.
Тергеу үш негізгі нұсқаны қарастыруда - суицид (өз-өзіне қол жұмсау), абайсызда құлап кету және қасақана итеру. Алайда, соңғы нұсқа дәлел таппағандықтан теріске шығарылды.
Біздің серіктес: FONBET