Махачкалалық "Динамо" клубының бас директоры Шамиль Газизов Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Александр Зуевтің трансферіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Legalbet.kz порталына берген сұхбатында клуб басшысы футболшының Ресей Премьер лигасына ауысу мүмкіндігін жоққа шығармады.
"Александр Зуевтің "Тобылдан" "Динамоға" ауысу ықтималдығы қандай? Бұл сұраққа жауап беру қиындау. Дегенмен, ештеңені жоққа шығармаймын. Бұл мәселедегі қиындық неде екенін қазірше айта алмаймын, кешіріңіздер.” — деді Газизов.