Мәскеулік “Спартак” қысқы оқу-жаттығу жиыны аясында Қазақстандық “Астанамен” бақылау матчын өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Aladop.kz.
Келіссөздер кезеңі
Қазіргі уақытта екі ұжым арасындағы ойынның нақты қай күні және қай жерде өтетіні талқыланып жатыр.
Мәскеулік клуб 12 қаңтарда демалыстан шығып, медициналық тексеруден өткен.
“Спартактың” дайындық жоспары
Хуан Карседо шәкірттері 15 қаңтар күні Дубайға (БАӘ) аттанды. Metaratings.ru мәліметінше команданың барлық үш кезеңнен тұратын дайындық жиыны осы елде өтеді:
• 1-кезең: 15 – 23 қаңтар
• 2-кезең: 27 қаңтар – 10 ақпан
• 3-кезең: 14 – 27 ақпан
Алғашқы жиынға 27 футболшы қатысуда. Бұған дейін “Спартак” екінші кезеңде армениялық “Пюникпен” де күш сынасуды жоспарлап отырғаны хабарланған болатын.