РПЛ өнер көрсететін қазақстандық қорғаушы “Астана” ФК сапын толықтыруы мүмкін

24.11.2023, 00:04
РПЛ өнер көрсететін қазақстандық қорғаушы “Астана” ФК сапын толықтыруы мүмкін


 Kazfootball.kz интернет-порталы “Ахмат” ФК қорғаушысы Марат Быстров “Астанаға” қыста ауысады деп ақпарат таратты. 

“Алайда қос тарап бір келісімге келмей жатыр. Марат елордалық ұжымға еркін агент ретінде еурокубок кездесулері алдында қосылуды жөн көріп отыр екен, - деп жазады дереккөз.

 Быстров “Ахмат” ұжымында 2020 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Осы маусымда қорғаушы грозныйлық команда үшін 7 ойын өткізді.

 Қазақстандықтың ресейлік командадағы келісімшарты осы жылдың аяғында аяқталады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×