Рубен Бриджиду «Ордабасыдан» кетеді

01.07.2021, 17:41
Шымкенттік клубта өнер көрсететін футболшылардың көпшілігі қаржылық мәселелерге байланысты командадан кетуді жоспарлап отыр.
Рубен Бриджиду «Ордабасыдан» кетеді

Meta-Ratings.kz сайтына белгілі болғандай, «Ордабасының» шабуылдаушы жартылай қорғаушысы Рубен Бриджиду «Тобыл» клубына ауысады.

30 жастағы португалиялық футболшы соңғы бір жарым жыл бойы шымкенттік клубтың намысын қорғады, ал осы маусымда ол команда көшбасшыларының біріне айналды. Ол «Тобыл» сапында өзінің отандасы Карлуш Фонсеканы алмастыратын болады.

Бриджиду Қазақстанға келмес бұрын Болгария мен Кипр чемпионаттарында бақ сынады. Оған «Тобылдан» басқа Премьер-лиганың 2 клубы қызығушылық танытуда, бірақ португалиялық футболшының өзі қостанайлық клубқа ауысуға келісімін берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×