"Манчестер Ситидің" қорғаушысы Рубен Диаш футбол журналистері қауымдастығының тұжырымы бойынша Англия Премьер-лигасының осы маусымдағы үздік ойыншысы атанды. Бұл туралы ұйымның ресии сайты хабарлады.
"Бұл мен үшін үлкен мәртебе. Мен өте бақыттымын. Егер біздің командамыздың ойыны ойдағыдай болмаса, мен бұл сыйлықты ала алмас едім. Сыйлық - бұл біздің жұмысымыз бен ойынымыздың бағалануы және мұның бәрімізге қатысы бар. Себебі біз бір отбасы сияқты ойнаймыз", - деді Рубен.
Диаш "Манчестер Ситиге" қыркүйек айында "Бенфикадан" ауысып келді. Трансфер сомасы 68 миллион еуроны құрады. Биылғы маусымда 24 жастағы қорғаушы Англия Премьер-лигасының 31 матчына қатысып, бір гол соқты, үш сары қағаз алды. Ал оның командасы мерзімінен бұрын чемпион атанды.
Біздің серіктес: FONBET