«Рубиннің» түлегі «Каспий» сапында жаттығуда

05.02.2021, 21:27
Футболшы «Тараз» клубында қаралымнан өте алмады.
«Рубиннің» түлегі «Каспий» сапында жаттығуда

23 жастағы жартылай қорғаушы Максим Гладченко ақтаулық "Каспийдің" оқу-жаттығу жиынына қатысуда, деп хабарлайды KazFootball.kz.

Тараз қаласының тумасы, ресейлік "Рубиннің" түлегі Максим Гладченко еңбек жолын 2013 жылы "Тараздың" қосалқы құрамында бастаған. Ол сондай-ақ астаналық "Бәйтеректе" және "Қайраттың" екінші құрамында ойнады.

Соңғы екі маусымды ол Оралдың "Ақжайығында" өткізді, онда 26 матчқа қатысып, 2 нәтижелі пас берді. Бірнеше апта бұрын Гладченко "Тараз" сапына қаралымға келген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×