Руди Гарсия: “Деңгейіміздің жоғары екенін тағы да дәлелдедік”

08.09.2025, 11:00

Бельгия құрамасының бас бапкері Руди Гарсия 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңіндегі қыркүйек айындағы матчтарды қорытындылады. Француз маманы өз шәкірттерінің ойынына жоғары баға берді.

Руди Гарсия: “Деңгейіміздің жоғары екенін тағы да дәлелдедік”

Бельгия алдымен Лихтенштейнді 6:0 есебімен ұтса, содан кейін Брюссельде Қазақстан құрамасын дәл сондай нәтижемен ойсырата жеңді. Қос кездесуде “Қызыл Сойқандар” 12 гол соғып, өз қақпасын таза сақтады.

"Біз екі ойында да ірі жеңіске жеттік әрі қақпамызға бірде-бір гол жібермедік. Команда қарқынын төмендетпей, тұрақты деңгей көрсетті. Бұл жолы шақырылған барлық ойыншы өз үлесін қосты.” — деді Гарсия Le Soir басылымына берген сұхбатында.

Бапкер Кевин Де Брюйненің ойынына ерекше тоқталды:

"Кевин әлемдік деңгейдегі футболшы, біздің көшбасшылардың бірі. Ол өзгелерге үлгі көрсетті.” — деді ол.

Сонымен қатар, Шарль Де Кетеларенің орталық шабуылшы ретіндегі алғашқы ойыны да мақтау алды:

"Ол біз күткен сенімді ақтады. Әрине, гол соқпағаны өкінішті, бірақ жалпы ойындағы үлесі зор болды." — деп атап өтті Гарсия.

Матчта жарақатына байланысты ойнамаған Ромелу Лукаку, Амаду Онана, Ян Вертонгендер трибунадан қолдау көрсетті.

“Күш – бірлікте. Біз әлем чемпионатына жолдама алу үшін сол бірлікті сақтауға тиіспіз." — деп сөзін аяқтады Гарсия.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×