Бельгия құрамасының бас бапкері Руди Гарсия матч алдында Қазақстан туралы ойымен бөлісті.
"Атмосфера командамызда жақсы, біз толық қалыпқа келдік. Біз олардың Солтүстік Македония және Уэльспен болған ойындарын қарадық, шынымды айтсам, Қазақстан ол екі матчта жеңілмеуі керек еді. Еркін түрде алты ұпайдың алтауын да ала алатын еді. Сондықтан бізге абай болу қажет, бірақ өзімізге деген сенімді де сақтауымыз керек. Біз күштірекпіз, бірақ барынша жинақы ойнау маңызды.
Бүгін біздің бастапқы құрам өзгеше болады. Наурызда да, маусымда да осылай істегенмін. Бапкердің стратегиясы болуы тиіс, команданы күшейту үшін өзгерістер енгізуді алдын ала ойластыруға міндеттімін. Жоспар бойынша бәрі дұрыс болса, бірінші және екінші матчтағы құрамдар әрқалай болуы керек екенін білгенмін. Біздің орталық жұбымыз Зено Дебаст пен Артюр Теате бейсенбіде тамаша ойнады. Жексенбіде де олар өз міндетін орындайды деп сенемін, өйткені қарсылас сәл күштірек болады. Біздің мақсат қазан айына қарай топта бірінші немесе екінші орынға шығу.” – деді бапкер.