Румменигге: «ФИФА «Алтын допты» табыстау мәселесімен айналысып жатыр»

13.08.2020, 13:47
Биыл Левандовскидің жылы болды.
Румменигге: «ФИФА «Алтын допты» табыстау мәселесімен айналысып жатыр»

«Бавария» клубының басқарма төрағасы Карл-Хайнц Румменигге шабуылшы Роберт Левандовскийдің қазіргі формасы туралы айтты.

«Мен жақында Джанни Инфантиномен олардың осы маусымда жеке марапаттар ұсына алатындығы туралы сөйлестім. FIFA «Алтын допты» беру мүмкіндігін қарастыруда. Мен Роберт Левандовскийдің алғанын қалаймын. Ол өзінің мансабының шыңында - біз оны әр матч сайын көреміз», - деді Румменигге Bild басылымына берген сұхбатында.

Бұған дейін Левандовски Чемпиондар лигасы тарихындағы үздік сұрмергендер тізімінде төртінші орынға көтерілген болатын. Шабуылшы Чемпиондар лигасында бас-аяғы 66 гол соқты.

Бірінші орында «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду (131 гол). Оның артында «Барселона» шабуылшысы Лионель Месси (115) келе жатыр. Рейтингтің үшінші сатысына «Реал Мадрид» пен «Шальке» шабуылшысы (71) Рауль тұрақтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×