Бүгін Әзербайжанмен болатын жолдастық кездесу қарсаңында Қазақстан құрамасы бас бапкерінің міндетін атқарушы Руслан Балтиев тілшілердің сауалдарына жауап берді. Сондай-ақ, Руслан Тахирұлы «Ақтөбе» қорғаушысы Әлібек Қасым жайлы да пікірін айтты.
«Ойынға біздің барлық футболшымыз дайындалып жатыр. 25 ойыншымыздың барлығы тас-түйін дайын. Кез-келген уақытта матчқа шыға алады. Бірақ, барлығын бірдей шығара алмаймыз ғой. Осы тұста жігіттерге рахмет айтамын. Олар өзінің жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарайды, алаңға шыға алмаса да түсіністік танытады. Ал енді Әлібек Қасымға қатысты, «Ақтөбе» клубында ойнайды. Чемпионаттың көшбасындағы команда, тұрақты ойнап келеді. Әлібек, негізгі құрамда шығатын мүмкіндікке ие болған футболшы. Ал қалғанының барлығы оның өз қолында. Бізге салса, Әлібектің Ұлттық құрамадағы болашағы зор деп есептейміз. Бірақ, ары қарай қалай болатыны тек қана Әлібектің өзіне байланысты», - деді Р. Балтиев.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстан Венгрияның Сомбатхей қаласында Әзербайжанмен жолдастық кездесу өткізеді. Матч Астана уақытымен кешкі 19:00-де басталады.
Біздің серіктес: FONBET