Руслан Камболов «Ақтөбеге» ауысты

05.03.2022, 18:29
Футболшы бұған дейін Ресейдің белді клубтарында доп тепкен.
Руслан Камболов «Ақтөбеге» ауысты

«Ақтөбе» футбол клубы өз құрамын тәжірибелі ойыншымен толықтырды. Бұл жолы 32 жасар ресейлік орталық жартылай қорғаушы Руслан Камболов команданың жаңа ойыншысы атанды.

«Алания» түлегі болып табылатын Русланның мансабында мәскеулік «Локомотив», қазандық «Рубин» және «Краснодар» сияқты белді клубтар болды.

Соңғы маусымын Ресей Премьер-лигасындағы тулалық «Арсенал» сапында өткізді. Сондай-ақ ол жасөспірімдер деңгейінен бастап Ресей ұлттық құрамасына дейін жеткен футболшы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×