«Колос» командасының бас бапкері Руслан Костышин Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі қарағандылық «Шахтерға» қарсы өтетін қарымта матч туралы пікір білдірді:
- Біз үшін бұл күн ұзаққа созылды. Ұшу 2,5 сағатқа кешіктірілді, одан бөлек, ұшақта 6 сағатымызды өткіздік. Бізге бірінші матчтан кейін қалыпқа келу және қателіктерімізді бағалау қажет болды. Пенальти сериясы? Бұған арнайы дайындықтың қажеті жоқ. Жаттығу - бір бөлек, ойын - бір бөлек нәрсе. Мен бізге артылған міндетті негізгі уақытта орындағым келеді. Менің ойымша, ойын өзгермейді, дәл сондай агрессивті ойын болады. Келесі кезеңге өтуге тырысамыз. Әйтпесе, ұшып келуге жұмсаған уақытымыз және әуежайда күткеніміз зая кетеді.
Біздің серіктес: FONBET