Руслан Костышин жігіттері «Пахтакордан» оңбай ұтылды

05.02.2023, 18:07
Руслан Костышин жігіттері «Пахтакордан» оңбай ұтылды


Павлодарлық "Ақсу" ФК Түркиядағы ОЖЖ "Пахтакормен" жолдастық кездесу өткізді.

Матч 5:2 есебімен өзбекстандық ұжымның пайдасына шешілді. "Пахтакор өз елінің 15-дүркін чемпионы! "Мақташылар" Азия құрлығының Чемпиондар Лигасына тұрақты түрде қатысып отырады.

"Ақсу" ҚПЛ өткен маусымын 6 орынмен аяқтады.

Еске салайық, ҚПЛ жаңа маусымы 4-5 наурызда бастау алады. "Ақсу" бірінші тур қарсаңында "Тобылға" қонаққа бармақ. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×