Руслан Валиуллин екі жылға футболдан шеттетілді

10.02.2022, 15:01
Футболшы аппеляциялық шағым түсірмекші.
Руслан Валиуллин екі жылға футболдан шеттетілді

Қазақстан ұлттық құрамасының және «Тобылдың» 27 жастағы қорғаушысы Руслан Валиуллин екі жылға футболдан шеттетілді, деп хабарлайды қостанайлық клубтың баспасөз қызметі.

«Тобыл» ФИФА Тәртіптік комитетінен Руслан Валиуллинді 24 айға дисквалификациялау туралы хат алды.

Ойыншыға жиырма төрт (24) ай мерзімге санкция тағайындалды. Яғни, 2021 жылдың 10 қыркүйегінен 2023 жылдың 10 қыркүйегіне дейін футболдан шеттетілді.

Енді Руслан Валиуллин апелляциялық шағым түсірмекші», - деп жазады «Тобылдың» баспасөз қызметі.

Еске салайық, былтыр Валиуллин «Жилинаға» қарсы (0:5) Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі ойыннан допинг-тесттен өте алмай қалған болатын. Ойыншының қанынан тыйым салынған заттар табылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×