WhoScored статистикалық порталы Қазақстан мен Украина арасындағы матчқа қатысқан ойыншылардың бағасын жариялады (2:2).
Кездесудің үздік ойыншысы ретінде қос бірдей гол соққан Руслан Валиуллин танылды, оның ұпайы - 8,63. Үздік үштікке 7 сейв жасаған қақпашы Стас Покатилов (7.07) және нәтижелі пас берген жартылай қорғаушы Асхат Тағыберген (6.93) кірді. Ал жалпы Қазақстан құрамасы 6,56 деген бағаға ие болды.
Жартылай қорғаушы Андрей Ярмоленко (8.26), шабуылшы Роман Яремчук (7.27) және жартылай қорғаушы Александр Зинченко (7.06) Украина ұлттық құрамасы ойыншылары арасында ең жоғары рейтингке ие болды. Қонақтар жалпы рейтинг бойынша 6,75 деген баға алды.
Біздің серіктес: FONBET