С.Черчесов: Ойыншылармен бірге мен де қиын кезеңді бастан өткеріп жатырмын

Ертең Қазқстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасының “В” дивизионындағы соңғы ойынын өткізеді. Отандастарымыз Ослода Норвегия құрамасымен кездеседі. Бас бапкер Станислав Черчесов матч алдында БАҚ өкілдеріне сұхбат беріп, өз пікірін білдірді.

С.Черчесов: Ойыншылармен бірге мен де қиын кезеңді бастан өткеріп жатырмын

“Ұлттар лигасындағы нәтижелер көңіл көншітпей тұр. Әрине, бұл дивизионда қарсыластардың деңгейі жоғары. Бірақ, онымен өзімді ақтап алғым келмейді. Ойыншылармен бірге менде қиын кезеңді бастан өткеріп жатырмын. Бәріміз бір кемедеміз. Соңғы ойында 0-2 есбеміен Аустрияға жеңілгенімізбен  10 адаммен жүріп, соңына дейін күрескен жігіттердің күш-жігеріне риза болдым. Физикалық дайындық тұрғысында ең жақсы ойынымыз сол болды. Жастарды да құрамаға тартып, мүмкіндік бердік. Көрдіңіздер, шама-шарқынша ойнап шықты. Қателіктер бар. Оны өздеріне түсіндіргендейміз. Ертеңгі қарсылас Норвегия. Не атайын, шегінерге жол жоқ. Барымызды салатын боламыз”

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×