С.Черчесов: «Ұйқымды қандырып алған соң ойынды зерделеп, кем-кетігін айтамын»

Қазақстан-Аустрия ойынынан кейін ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесов матч туралы пікірін айтып, баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.

С.Черчесов: «Ұйқымды қандырып алған соң ойынды зерделеп, кем-кетігін айтамын»

- Бүгін Әділет Жұмаханов пен Ғалымжан Кенжебек ұлттық құрамада дебюттік матчын өткізді. Олардың ойынына Сіздің көңіліңіз толды ма?

Дәл қазір олардың ойынына баға бере алмаймын. Өйткені, өзім де ұйқымды қандырып алып, ертең тың көзқараспен ойынды зерделеп, толықтай көріп шығуым керек. Екі жас ойыншының алғашқы матчын өткізгеніне қуаныштымын. Кем-кетігі болса өздерімен жеке сөйлесіп, жеткіземін. Ал Сізге сол қатты маңызды болса келесі баспасөз мәслихатында айтып берейін.

- Самародовты да бір сөзіңізде сәл сынап алған едіңіз? Максим сын-ескертпеңізден сабақ алды ма?

Самародовты мен еш жерде сынаған емеспін. Бірақ, Максимнің бүгінгі ойынына аса бір сын айта алмаймын. Шабуылда да, қорғаныста да шапқылап жүгіріп жүрді. Жалпы менен бір футболшы жайлы сұрайтындарыңызды түсінбеймін. Мен бапкер ретінде бәріне бірдей қараймын. Бас бапкерде сүйікті ойыншы болмау керек. Бұл командалық ойын. Мен тек әр футболшыдан қалай ойнау керектігін талап ете аламын. Ал оны футболшы орындай алды ма, алмады ма ол бөлек әңгіме. Жалпы Максим жақсы жағына өзгеріп, ой түйген сияқты.

- Сіз, ұлттық құрамаға келгелі көп эксперимент жасап, құрамаға көптеген ойыншыларды тарттыңыз. Қазақстан енді қашан ойынымыз жақсарады?

Мен ұлттық құрамада эксперимент жасап жүрген жоқпын. Қате сұрақ қоймаңыздар. Бүгінгі ойынға Әліп пен Чесноков дисквалификациясына байланысты қатыса алмады. Ол эксперимент емес қой. Қолымда тұрса ойнатар едім. Қайтем енді?

– Марочкиннің қызыз қағазына қатысты не айтасыз? Қорғаушының көңіл-күйі қалай?

Негізі қызыл қағаз алғаны мені қуантқан жоқ. Сіздердің көргендеріңізді мен де көрдім. Ойын ережесін өрескел бұзды. Алаңнан қуылды. Көңіл-күйі жоқ әрине. Басқа не айтам. Оңбай қателесті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Масқара 2
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×