Сәтпаев есімінің қызықты сәйкестігі

30.09.2025, 17:15

Орталық стадион Чемпиондар лигасындағы тарихи матчтың сахнасына айналғалы тұр. Бұл арена қаланың басты көшелерінің бірі – Сәтпаев даңғылының бойында орналасқан. Бірақ мұндағы "Сәтпаев" атауы көпшілікті әсіресе шетелдіктерді шатастыруы мүмкін.

Сәтпаев есімінің қызықты сәйкестігі

Себебі, "Қайраттың” жас жұлдызы Дастан Сәтпаев дәл осы маусымда жарқ етіп көзге түсті. Ол іріктеу кезеңінде үш гол соғып, команданың топтық кезеңге жолдама алуына зор үлес қосты. Дегенмен, стадион тұрған көше оның құрметіне қойылған жоқ.

Бұл даңғыл аты 20 ғасырдағы қазақ ғылымының алыбы, көрнекті ғалым әрі академик Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың есімімен байланысты.

Қаныш Сәтпаев – Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш президенті, геология саласында әлемдік деңгейде танылған тұлға.

Осылайша, бір жағында – қазақ ғылымының алыбы, екінші жағында – қазақ футболының жас үміті. Аттас есімдердің кездейсоқ тоғысуы "Қайраттың” тарихи маусымына ерекше рең беріп тұрғандай.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×