Сәтпаев “Қайратты” чемпиондыққа жетеледі. PentaCampeóe5

26.10.2025, 18:10

Биылғы маусымда небәрі 17 жастағы Дастан Сәтпаев барша жанкүйердің есінде қалды.

Сәтпаев “Қайратты” чемпиондыққа жетеледі. PentaCampeóe5
Дастан Сәтпаев анасымен бірге

Жас талант Қазақстан Премьер лигасында 20 матчта негізгі құрамда алаңға шығып, 14 гол соғып, 5 нәтижелі пас берген. Осындай көрсеткішпен ол тек өз командасының емес, бүкіл ел чемпионатының ең жарқын ойыншыларының біріне айналды.

Маусым соңында оның командасы чемпиондық атаққа қол жеткізді, ал соңғы матчта дәл сол Сәтпаевтың голы чемпиондық тағдырын шешті.

Осылайша 17 жасар Дастан Алматылық клуб тарихында алғаш қатарынан екі рет чемпиондық атаққа қол жеткізуіне зор үлес қосты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×