Сәтпаев пен Хусанов бір-бірінен несімен өзгеше?

24.11.2025, 14:50

Виктор Кумыков "Қайрат" шабуылшысы Дастан Сәтпаев пен "Манчестер Сити" қорғаушысы Абдукодир Хусанов туралы пікір білдірді, деп хабардайды Aladop.kz.

Сәтпаев пен Хусанов бір-бірінен несімен өзгеше?

“Бұл екі футболшыны тікелей салыстырудың өзі дұрыс емес. Біріншіден, олар әртүрлі позицияда ойнайды — бірі шабуылшы, екіншісі қорғаныстың тірегі. Екіншіден, Хусановтың тәжірибесі әлдеқайда мол, ол бірнеше жыл қатарынан Еуропа чемпионаттарында ойнап, жоғары деңгейдегі футболға бейімделіп үлгерген.” – деді бапкер Sports.uz басылымына берген сұхбатында.

Ал Дастан Сәтпаев туралы Кумыков оның әлеуеті зор екенін атап өтті. Жас шабуылшы әзірге тек Қазақстан біріншілігінде шыңдалып жүр, бірақ оның болашағынан үлкен үміт күтуге болатынын айтты.

"Екі футболшыға да тек сәттілік тілеймін.” — деп қорытындылады Кумыков сөзін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×