17 жасар ойыншы бүгін “Жеңіс” қақпасына дубль жасады.
"Қайраттың" кейінге шегерілген бүгінгі кездесуінде Дастан 12 және 37 минуттарда Сергей Игантович қорғаған қақпадан саңылап тапты. Шабуылшы осылайша ішкі чемпионатта соққан голдар санын 11-ге жеткізді. Сол арқылы Сәтпаев сұрмергендер көшінде қоржынында 10 голы бар Дәурен Жұматты озып кетті.
Голаедорлар тізімінің бірінші және екінші орнында Назми Грипши (13 гол) және Марин Томасов (11 гол) орнықты.
“Жеңіске” дейін Сатпаев “Ақтөбе” (2х), “Оқжетпес”, “Астана”, “Атырау” (2х), “Ұлытау” (2х) командаларына қарсы ойында гол соқты.
Ендігі кезекте “Қайрат” ішкі чемпионаттағы келесі ойынын 5 қазан күні талдықорғандық “Жетісуға” қарсы өткізеді.