Сәтпаевтың командаласы допинг дауына байланысты полиграф тесттен өтті

23.04.2025, 14:00

"Челсидің" Украиналық шабуылшысы Михаило Мудрик допинг дауына байланысты өз кінәсіздігін дәлелдеу үшін полиграф тест яғни детекторынан өтті. Бұл жағдай футболшыға ғана емес, оны сатқан "Шахтер" клубы үшін де үлкен қауіп төндіріп отыр, олар 30 миллион еуроға дейінгі бонусынан айырылып қалуы мүмкін.

Сәтпаевтың командаласы допинг дауына байланысты полиграф тесттен өтті

24 жастағы Мудрик 2023 жылдың қаңтарында "Шахтерден” Лондонның "Челси” клубына 88 миллион фунт стерлингке ауысқан болатын. Алайда 2024 жылдың қарашасынан бері ол допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін уақытша ойыннан шеттетілген. Оның ағзасынан тыйым салынған мельдоний препараты табылған. Қазір футболшының "B” сынамасы зерттеліп жатыр, ол бастапқы қорытындыны растап немесе жоққа шығарады.

"Шахтер" клубының бас директоры Сергей Палкиннің айтуынша, Мудрик өзінің кінәсіз екенін дәлелдеуге бар күшін салып жатыр.

Мудрик Instagram парақшасында:

"Бұл жаңалық мен үшін нағыз шок болды. Себебі мен ешқашан әдейі тыйым салынған заттарды қолданған емеспін, ешқандай ережелерді бұзған жоқпын. Қазір мен барынша бұл жағдайдың мән-жайын анықтап жатырмын.” – деп жазды.

Осы даулы жағдай Мудрик қана емес, "Шахтер” клубына да соққы болып отыр. Палкиннің айтуынша, егер футболшы "Челси" сапында ойнауын жалғастырмаса, клуб Мудриктің өнер көрсетуіне байланысты келісімшартта қарастырылған 30 миллион еуро көлеміндегі бонусынан айырылуы мүмкін.

Айболат Өнер

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×