Сәтпаевтың командаласы екінші рет ереже бұзды – Жүргізуші куәлігінен бір жылға айрылмақ

11.12.2025, 19:35

"Челси" клубының ойыншысы Михаило Мудрик бір жыл ішінде екінші рет Ұлыбритания заңдарын өрескел бұзып, қатаң жазаға тартылды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Сәтпаевтың командаласы екінші рет ереже бұзды – Жүргізуші куәлігінен бір жылға айрылмақ

Допинг қолданғаны үшін футболдан шеттетілген Украиналық Михайло Мудрикті құны 140 мың фунт тұратын BMW автокөлігін тізгіндеп бара жатқан жерінен Британ полициясы тоқтатқан. Бұл жерде Мудрик екі түрлі заңды бұзған:

1. Украина нөмірлі көлік: Ұлыбританияда арнайы рұқсатсыз шетелдік нөмірлі көлікті басқару заң бұзушылық болып саналады.

2. Құқығынан айырылу: Мудрик бұған дейін, дәлірек айтсақ, қыркүйек айында жарты жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылған болатын. Бұл жағдай Мудрик үшін екінші ретгі және одан да ауыр құқық бызушылық.

Алдыңғы жарты жылдық жазадан кейін, Мудрикке енді екі есе қатаң жаза тағайындалды:

• Бір жыл жүргізуші құқығынан айыру (бұрынғы жазадан кейінгі екінші мерзім)

• 60 сағат қоғамдық жұмыстарды атқару.

Михаило Мудрик өзінің бұл әрекетін жаттығуға қатты асыққанымен және сол сәтте көлікті жеткізіп салатын жүргізушісінің болмауымен түсіндіріп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×