Отандасымыз Стас Покатилов аталған кездесуді бастапқы құрамда өткізді.
Премьердің 10-тур аясында Бакуде өткен ойынның тағдырын тек бір гол шешті. 28 минутта “Сабах” сапынан Стив Совет мергендігімен көзге түсті. Ойынның қалған бөлігінде “Габала” есепті теңестіруге әркет жасағанымен, Покатилов қақпасына ешқандай қауіп төнбеді.
Осы ойыннан кейін Сабах 18 ұпаймен турнир кестесінде 4 орында келеді. Чемпионаттың көш басын Құрбан Бердиевтің Туран Товруз ұжымы бастап келеді.
Осы маусымда Стас Покатилов 14 матч өткізді. Осы уақытқа дейін ел құрамасына шақыртылып келген қақпашыны қараша айындағы Қазақстан құрамасынан көрмейтін болдық. Талғат Байсуфинов Стастың орнына Темірлан Анарбеков, Мұхамеджан Сейсен, Бекхан Шайзада және Қажымұқан Төлепбергендерді шақыртты.