Сабитовтың уақыты келді ме?

16.05.2011, 04:46
Сабитовтың уақыты келді ме?
Футболдан ел біріншілігінің 11 турынан кейін турнир кестесінде біраз өзгерістер орын алды. Өткен турда көш бастаған «Жетісу» үшінші сатыға сырғыса, «Локомотив» бірінші орынға шықты. Ал «Ақтөбе төртінші орыннан екіншіге көтерілді. «Тобыл» — «Локомотив» 0:1 (0:0) Гол: Шахметов 72 (0:1) «Локомотив» «Тобылды» соңғы рет ел суперкубогы жолындағы бәсекеде жеңген-ді – 2:1. Кейін суперкубок ойынында төреші дауы туындап, «астаналық команда таза жеңіске жеткен жоқ» деген шешімде шыққан. Бірақ бұл жолы Холгер Фах шәкірттері сырт алаңда «Тобылды» тұсады. «Қайсар» — «Ақтөбе» 0:2 (0:1) Голдар: Мане 41 (0:1), Лисенков 90 (0:2) «Қайсар» «Ақтөбені» соңғы рет 2001 жылдың шілдесінде басым түсіпті – 2:1. Міне, содан бері он жыл көлемінде қызылордалық команда «Ақтөбеден» жеңе алмай келеді. Дегенмен, қос команданың 2001 жылдан бері екі тең ойыны бар екенін айта кеткен жөн. 2007-2008 жылдары өткен қос ойын да 0:0 есебімен аяқталыпты. Бір қызығы, тең нәтиже тіркелген матчтар Қызылордада өткен. Ел чемпионатында «Қайсар» Ақтөбеде өткен ойының бірде-бірінде жеңіске жетпегені тағы бар. «Ертіс» — «Ордабасы» 2:0 (1:0) Голдар: Заречный 18 (1:0), Мальцев 56 (2:0) «Ертіс» «Ордабасыдан» 10 рет басым түсті. Өткен жылғы біріншілікте «Ордабасы» «Ертіспен» тәуір ойнаған еді: өз алаңында ұтып (1:0), сырт алаңда тең түскені бар (0:0). «Атырау» — «Тараз» 1:0 (1:0) Гол: Соуза 36 (1:0) «Атырау» «Таразға» соңғы рет 2006 жылдың маусымында ұтылыпты – 0:3. Содан бері үш рет тең ойнасада атыраулықтар «Таразға» үш ұпай ұстатпай келеді. 2005 және 2006 жылғы біріншілікте бұл жұпта «Тараз» үстемдік құрған.  Мәселен, 2005 жылы «Тараз» жеңіс тойын тойлатқан-ды – 6:1. Алайда «Атырау» 2007 жылдан бері «Тараздан» кем дегенде бір ұпай, мүмкіндік болса үш ұпай алуды «дәстүрге» айналдырды. Тағы бір дерек, «Тараз» Атыраудағы ойындардың бірде-біреуінде жеңіске жетіп көрмепті. «Қайрат» — «Шахтер» 2:1 (0:1) Голдар: Рашкович 22 (0:1), Головской 49 (1:1), Струков 82 (2:1) «Қайрат» «Шахтерді» осыдан бес жыл бұрын, 2006 жылғы біріншілікте ұтыпты – 1:0. Араға бес жыл салып, «Қайрат» жеңіске жетер жолды жаңылмай тапты. «Восток» — «Жетысу» 0:0 «Восток» «Жетісуды» ұтпағалы 6 жыл болыпты. Өскемендік команда соңғы рет «Жетісуды» 2005 жылы 4:2 есебімен жеңген. Ал бүгінгі ойын қос команда арасындағы 4 тең нәтиже. «Восток» 2004-2005 жылдары «Жетісуды» кәдімгідей тұсаған. Мәселен, суперлига ойындарында өскемендіктер төрт рет қатарынан жеңіпті: 2004 жыл – 2:1, 5:0 2005 жыл – 4:2, 2:0 «Востоктың» пайдасында.
Ел чемпионатының бірінші айналымы аяқталды. Енді 12 турда осы командалар өзара қайта кездеседі.
Орны Команда О Ұ Т Ж Г Ұп
1 «Локомотив» 11 7 3 1 15 – 6 24
2 «Ақтөбе» 11 7 2 2 17 – 7 23
3 «Жетісу» 11 6 4 1 18 – 7 22
4 «Ертіс» 11 6 2 3 19 – 13 20
5 «Шахтер» 11 6 2 3 17 – 9 20
6 «Ордабасы» 11 5 1 5 12 – 9 16
7 «Атырау» 11 3 5 3 9 – 10 14
8 «Тобыл» 11 3 2 6 16 – 16 11
9 «Қайрат» 11 3 2 6 10 – 18 11
10 «Тараз» 11 3 0 8 6 – 15 9
11 «Восток» 11 1 5 5 8 – 19 8
12 «Қайсар» 11 1 2 8 5 – 23 5
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
МАНЧЕСТЕРДЕ ҰЛЫ ТОЙ
Серіктес жаңалықтары
×