«Ливерпульдің» шабуылшысы Садио Мане «Бавариямен» келісім-шарттың талаптары бойынша ауызша мәмілеге келді, деп хабарлайды инсайдер Фабрицио Романо өзінің Twitter парақшасында.
«Бавария» Манеге үш жылдық келісім-шарт ұсынды. Жақын арада мюнхендік клуб «Ливерпульге» сенегалдық шабуылшының трансферіне қатысты жаңа сұраныс жібереді.
Бұған дейін неміс клубының 30 жастағы футболшы үшін 35 + 5 миллион еуро ұсынатыны хабарланған болатын.
Мане «Ливерпульге» 2016 жылы «Саутгемптоннан» 41,2 миллион еуроға ауысып келген еді. Садионың мерсисайдтық клубпен келісім-шарты келесі маусымның соңында аяқталады.
Біздің серіктес: FONBET