Садио Мане жарақатына байланысты 3 апта алаңға шықпайды

25.01.2020, 21:20
Садио Мане жарақатына байланысты 3 апта алаңға шықпайды

"Ливерпуль" сұрмергені Садио Мане жарақат кесірінен 3 апта ойынға қатыса алмайды, деп хабарлайды Liverpool Echo. Сенегалдық футболшы АПЛ-дың 24-туры аясында "Вулверхэмптонмен" болған ойынның 33-минутында тізесінің сіңірін ауыртып алған еді. Бас бапкер Юрген Клопп оның орнына Такуми Минаминоны шығарған-ды.

Енді Садио АПЛ-да 29 қаңтарда "Вест Хэм", 1 ақпанда "Саутгемптонмен", тіпті Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі "Атлетикомен" болатын (18 ақпан) бірінші матчқа да қатыса алмауы ықтимал.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×