Сағи Совет: «Мен әрқашан алаңға шығып, командаға көмектесуге дайынмын»

23.09.2021, 19:40
Сағи Совет: «Мен әрқашан алаңға шығып, командаға көмектесуге дайынмын»

«Астана» қорғаушысы Сағи Совет Қазақстанның Кубогінің ширек финалында «Каспиймен» бооған қарымта матчқа қатысты пікір білдірді (1:0, жалпы есеп - 4:3).

- 120 минут ойнадыңдар, ойын ұзаққа созылды. Жеңіске қалай қол жеткіздіңіздер?

- Иә, ойнау қиын болды. Ақтауда көгалдың сапасы жақсы болмады. Біз қарсыластарға құрмет көрсетуіміз керек, олар он ойыншымен қалған кезде де жақсы ойнады, соңында Қуат әдемі соққы жасап, кездесудің нүктесін қойды.

- Сіз үшін көптен күткен ойын болды деп айта аламыз. Сіз қайтадан алаңға шығып, кубок үшін күрестіңіз.

- Мен әрқашан алаңға шығып, командаға көмектесуге дайынмын!

- Енді чемпионат матчтары бар. Лигада жеңіске жету үшін командаға не қажет?

- Тек бір ғана нәрсе - әр матчта біз 200 пайызға дайын болып, өз мүмкіндіктерімізді іске асыруымыз керек. Бірақ ең бастысы, бізге жанкүйерлердің қолдауы қажет, олар бізге көп көмектеседі. Біз оларды стадионда күтеміз!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×