Сағи Совет: «Оң нәтижеге мінездің арқасында қол жеткізе аламыз»

04.06.2021, 15:15
Матч бүгін 18:00-де басталады
Сағи Совет: «Оң нәтижеге мінездің арқасында қол жеткізе аламыз»

21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасының қорғаушысы Сағи Совет 2023 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирің аясында Бельгиямен өтетін ойынға дайындық туралы айтты: 

- Жеңіс үшін ойнаймыз. Жігіттердің ынта-жігері күшті. Жасыл алаңда күшіміз тең. Жеңімпазды ойын анықтайды. Бельгия - мықты қарсылас. Топтың көшбасшысы. Еш қарсыластан қорықпаймыз. Жанкүйерлердің қолдауымен тартысты ойын көрсетуге дайынбыз. Жанкүйерлер алға жетелейтіні анық.

Ақтөбе - еліміздегі футболы дамыған қала. Бапкердің тапсырмасын орындау арқылы және мінездің арқасында оң нәтижеге қол жеткізуге тырысамыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×