Саян Хамитжанов: “Қайрат” Чемпиондар лигасының әнұранын Қазақстанға қайтарды”

13.08.2025, 14:40

"Астана" клубының директорлар кеңесінің төрағасы Саян Хамитжанов Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан "Қайратты" құттықтады.

Саян Хамитжанов: “Қайрат” Чемпиондар лигасының әнұранын Қазақстанға қайтарды”

"Қайрат" пен бүкіл Қазақстандықтарды  Братиславалық "Слованды" жеңуімен құттықтаймын. Алматылықтар еңсесін түсірмес мінез танытып, талай жылдан бері алғаш рет Чемпиондар лигасының әнұранын Қазақстанға әкелді! Алда "Селтик” және Еуропаның басты клубтық турнирінің плей-офф кезеңі! Бұл нәтиже бүкіл футболымызға зор серпін беріп, алға сапалы қадам басудың бастау нүктесіне айналады деп сенемін. Браво, "Қайрат!" — деді Хамитжанов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×