Саламұлы Черчесов құраманы жетістіктікке жеткізеді дегенге кепіл 7 себеп!

Инсайдер Қазбек Тайланов құрамаға жаңадан тағайындалған бапкер Станислав Черчесов жайлы жинаған деректерімен бөлісті. 

Саламұлы Черчесов құраманы жетістіктікке жеткізеді дегенге кепіл 7 себеп!

1. Станислав Саламович Черчесов осыған дейін Ұлттық құрамада және клубтың деңгейде де бапкер болып қызмет атқарған маман. 

- Бұл дегеніміз Черчесов бапкер ретінде клубтық деңгейде де жұмыс атқара білетін жәнеде оның қыр-сырын толық меңгерген бапкер. Демек бұл бапкер ҚПЛ клубтарының бапкерлерімен ақылдаса отырып кейбір ойыншыларды қай уақытта бабына келетінін анықтап, саралай алады. 

2. Ортақ тіл, Қазақ тілін түсіне білуі, ұқсас мәдениет.

- Қазақстан мен Ресей арасында болған ойыннан кейінгі журналисттерге берген сұхбатында Қазақ тілінде қойылған сұрақты түсінгенін айтып өтті. 

- Қазақстанда орыс тілі ресми тілдердің бірі болғандықтан тіл мәселесінде ойыншылармен қиындықтар болмайды.

3. Жетістіктері тек Ресей мен ғана шектеліп қалмай “Легия” клубымен Польша чемпионы және Европа Лигасының топтық кезеңіне дейін жеткен.

- “Ференцварош” клубымен чемпион атанып, еврокубок жолында қостанайлық “Тобыл” клубын 5-1 есебімен жолдан тайдырған. Европа лигасының топтық кезеңінде “Монаконы” сырт алаңда 0-1 есебімен жеңген.

4. Ұлттық құрамамен жұмыс жасай білуі нәтижиеге ойнай білуі.

- Ресей құрамасының бас бапкері ретінде ӘЧ-ң тарихында алғаш рет ширек финалға дейін жеткізуі.

- Әлем Чемпионатының топтық кезеңінде өткен ӘЧ жеңімпаздарын жеңген жалғыз құрама Сауд Аравия құрамасын 5-0 есебімен талқандауы.

- Мохаммед Салах бастаған “Египет” құрамасын жеңіп топтан шығуы.

- Иско, Рамос, Де Хеа, Коста, Альба, Начо, Асенсио тағы басқа жұлдыздарымен ерекшеленген Испания құрамасын 1/8 финалда жолдан тайдырып, ширек финалда Модрич бастаған Хорватия құрамасына тек ойын соңындағы пенальтиден ғана есе жіберуі.

5. Осы уақытқа дейін Ұлттық құрама бапкерлерінің ішіндегі ең атағы жоғары бапкерлердің бірі деп есептеуге болады. Себебі осыған дейін болған бапкерлер тіпті Стоилов болсын Адиев пен Билек болсын ӘЧ ширек финалына дейін жете алмаған бапкер ретінде. 

6. Ойыншылар арасындағы авторитеті. 

- Кез келген бапкер үшін ойыншылар алдында қандайда бір жетістік болмай авторитетің болмаса команданы дұрыс бағытқа бұру футболисттерді өзіңе қаратып тыңдата білу қиынға соғады

- Мысалы, Александр Бородюк бапкер ретінде еш жетістігі жоқ, клубтың деңгейде тіпті Қазақстанда түк қатырмаған бапкер ақыр соңы не болғанын бәріміз білеміз. Керісінше Адиев бапкер Қазақстанда өзі келіп футбол ойнап бірнеше гол салған. “Шахтер” клубына жағдайы қиын уақытта келіп, команданы жұмылдырып бәрін өз қолына алып ҚР Кубогінің финалына дейін жетіп, еврокубокте Румынияның атақты чемпионы “Стяуа” клубын өтіп плей-офф кезеңіне дейін жеткен бапкер, Ұлттық құрамамыздада үлкен нәтижиелер көрсетті.

7. Жасақталынған Ұлттық Құрамаға келуі және Адиевпен қарым қатынас.

- Біздің жігіттер соңғы екі жылда үлкен тәжірибие жинап алды. Үлкен матчтарда қалай ойнау керек, сырт алаңда қалай ойнаудың біліктілігін арттырды.

- Соңғы минуттарда гол жіберетін құрамамыз, керісінше соңғы минуттарда гол соғуды әдетке айналдырып алды.

- Жастар жетілді,  жас Самородов, Астанов, Оразов, Зайнутдинов, Әліп секілді ойыншыларымыз тұлға ойыншыларға айналып келеді. Тәжірибие жинады, команданы алға сүйреуді үйренді.

- Европада ойнайтын жастарымыз көбейіп, әртүрлі чемпионаттардың жүлдегерлеріне айналды. 

- “Біздің деңгейміз осы” - дейтін ойыншылар ұрпағы кетіп, “Біз деңгеймізді өсіреміз” дейтін ойыншылар ұрпағы келді.

- Демек осының бәрі тек Станислав Саламұлының шәкірттеріне оңынан әсерін беруі қажет. Алдымызда келе жатқан Ұлттар Лигасында тек жеңу деген мақсаттар қойылуы тиіс, тек сол жағдайда ғана біз ортаңқол Европалық ұжымға айналамыз!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×