Кезінде Қазақстан алаңдарында өнер көрсетіп, жергілікті футболмен таныс болған Беларусь ұлттық құрамасының голкипері Сергей Игнатович екі елдің чемпионаты туралы өз ойын бөлісті, деп хабарлайды Aladop.kz.
Тәжірибелі қақпашы Legalbet.kz тілшісіне берген сұхбатында Қазақстан мен Беларусь біріншіліктерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарына тоқталды.
Игнатовичтің айтуынша, сырт көзге ұқсас көрінгенімен, әр чемпионаттың өзіндік ерекшелігі бар. Ол екі турнирдің деңгейін нақты таразылау оңай шаруа емес екенін алға тартты.
“Шынымды айтсам, Беларусь пен Қазақстан чемпионаттарының деңгейін қалай салыстыруға болатынын білмеймін. Ұқсас тұстары өте көп, бірақ соған қарамастан екеуі екі бөлек біріншілік. Бұл мен үшін өте күрделі сұрақ.” — деді Игнатович.
Қазақстаннан кеткен уақыт ішінде өз отанындағы футболдың бағыты өзгергенін байқаған қақпашы, қазіргі таңда Беларусь клубтарының жастарға басымдық беріп жатқанын атап өтті.
Дегенмен, Сергей Игнатович бұдан өзге айтарлықтай өзгерістерді байқамағанын жеткізді. Оның бұл пікірі Қазақстан мен Беларусь футбол мектептерінің әлі де бір-біріне жақын екенін көрсетсе керек.