Самат Сәрсенов Латвияның "Валмиера" командасына ауысты

07.02.2020, 20:09
Самат Сәрсенов Латвияның "Валмиера" командасына ауысты

"Тараз" шабуылшысы Самат Сәрсенов Латвияның "Валмиера" командасының ойыншысы атанды. Бұл туралы Латвия ұжымының ресми сайты мәлімдеді.

23 жастағы ойыншы өткен маусымда "Тараз" жейдесінде ҚПЛ-да 13 ойын өткізіп, 1 гол салған. Одан бөлек, "Қайрат" сапындағы ойындарды қоса алғанда біріншілікте 23 ойынға қатысқан. Ал Бірінші лигада 48 ойында 14 гол және 4 нәтижелі пас берген.

Негізі Самат Ресейде дүниеге келіп, футболмен сол елде шұғылдана бастайды. Бастапқыда Новотроицктің "Носта" ұжымында, сосын "Оренбург" құрамында ойнаған.

2017 жылы көктемде Алматы ұжымына ауысқан.

Шамкен БАЙЫРБЕК.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×