Самат Сәрсенов Қазақстанға оралу нұсқасын қарастыруда

25.01.2021, 03:28
Футболшы үш клубқа ұсынылған екен.
Самат Сәрсенов Қазақстанға оралу нұсқасын қарастыруда

Латвиялық "Спартактың" шабуылшысы Самат Сәрсенов мансабын Қазақстан чемпионатында жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz.

Футболшының агенті "Ақтөбе", "Атырау" және "Қызыл-Жар" клубтарымен байланысқа шыққан көрінеді. Жақын арада 24 жастағы Сәрсенов аталған командалардың біріне ауысады деп күтілуде.

Самат - ресейлік "Орынбор" клубының түлегі. 2017 жылғы маусымда футболшыны "Қайрат" сатып алды, алматылық клуб үшін ол чемпионатта он ойын өткізді. Содан кейін Сәрсенов "Тараз" сапында ойнады.

2020 жылы қысқы трансферлік терезеде Сәрсенов Латвияның "Валмиера" клубымен келісімшартқа отырды, бірақ бапкерлер құрамымен жанжалдасқан ол көп ұзамай "Спартак Юрмала" клубына ауысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×