Самат Смақов: “Ақтөбеде” тек эмблема мен жанкүйер ғана қалды”

08.05.2026, 15:51

Қазақстан футболының аңызы, “Ақтөбе” клубы мен Ұлттық құраманың экс-капитаны Самат Смақов Ақтөбелік ұжымның биылғы маусымдағы көңіл көншітпейтін өнеріне қатысты мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, қазіргі таңда клубтың даңқты тарихынан тек таңбасы ғана сақталған, деп хабарлайды Aladop.kz.

Самат Смақов: “Ақтөбеде” тек эмблема мен жанкүйер ғана қалды”

Смақов команданың маусым басында көп ұпай жоғалтқанын, оған себеп — өз алаңында ойнамауы екенін алға тартты.

“Әрине, өз үйіңде емес, әр шөбі таныс емес жат стадиондарда, өз жанкүйерлеріңнің қолдауысыз ойнау өте қиын болды. Соның салдарынан көп ұпайдан айырылып қалдық. Енді, міне, үйге оралдық. Жанкүйерлер енді футболшылардың жайбарақат жүруіне жол бермейді, оларды тек алға сүйрейді деп сенемін.” — дейді Самат Смақов Sports24.kz сайтына берген сұхбатында.

Ардагер футболшы команданың қазіргі халіне жаны ашитынын жасырмады. Оның пікірінше, клубтың ішкі құрылымында үлкен олқылықтар бар.

“Мен команда үшін шын жүректен уайымдаймын. Ішің ашиды, шыны керек, бүгінде клубтан тек эмблема мен адал жанкүйерлер ғана қалды. Ұйымдастыру жағы мүлдем жетіспейді. Тырмысып бағады, бірақ әзірге кеудедегі таңба мен трибунадағы халықтың айқайынан басқа ештеңе көріп тұрған жоқпын.” — деп кесіп айтты ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×