
«Жетісу» клубының бас бапкері Самат Смақов 5-тур аясында «Ордабасыға» қарсы болған ойын туралы пікірін айтты.
Қазақстандық маман аталған матчтағы төрешілер жұмысын сынға алды.
«Ешқашан төрешілік тақырыбын қозғамайтын едім.. Шынымды айтайыншы... Бірақ бүгін анық бассыздық болды. Бұл төрешінің осы ойынға қазылық жасайтынын төрт күн бұрын білгем. Оны жақсы танимын, бұл «мырза» төрешілер департаменті басшыларының бірі. Ол өзін матчтарға тағайындай береді, бүгін осы ойынға келіпті... Мен бәрін тамаша түсініп отырмын. Бүгінгі жағдай, ескерту қағаздары, ойыншыларды қумағаны жақсы болды әйтеуір... Мұндайдың барлығын екі қадам бұрын білемін. Мен былай айтайыншы,«батырғалы» жатқан адамды дұрыс таңдаған жоқсыңдар!.. Мен бәрін айтамын, үнсіз қалатын жайым жоқ. Бүгін қандай футбол болды, иә ойын жанкүйерлерге ұнаған шығар. Біздің футбол қайда барады? Жыл сайын қазақ футболының жағдайы нашарлауда. Қазақстандағы ең бай клуб «Ордабасы» ең қайыршы команданы алаңдағы басқа формадағы адамдардың көмегімен жеңіп кетеді деп ешқашан ойламаппын», - деді С. Смақов.
Айта кетейік, «Ордабасы» бүгін ҚПЛ-2025-тегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Шымкенттік команда турнирлік кестеде 5 ұпаймен тоғызыншы орынға көтерілді. «Жетісу» 3 ұпаймен 11-сатыда.
Біздің серіктес: FONBET