Самат Смақов: бізде деңгейі төмен легионерлер аз емес

08.11.2024, 14:56

«Астана» клубының техникалық директоры Самат Смақов ҚПЛ-дегі легионерлерге байланысты заң жобасына қатысты пікірін білдірді.

Самат Смақов: бізде деңгейі төмен легионерлер аз емес
Самат Смақов

Ардагердің айтуынша, елімізге тек бәсекелестікке төтеп бере алатын сапалы футболшыларды шқырту керек.

«Біздің чемпионаттың деңгейі онсыз да төмен, легионерлерсіз жағдай тіпті қиындап кетеді. Сондықтан бұл жерде ортақ шешім қабылдануы керек деп ойлаймын. Мүмкін лимит енгізу керек шығар. Бастысы, өз елдерінде ешкімге керек болмай қалған, бәсекеге қабілетсіз легионерлерді емес, шынымен де мықтыларды шақырту қажет. Шетелдік ойыншыны алып келсек, онда оның деңгейі біздің футболшылардан бір бас жоғары болуы қажет. Өзім Ресей мен Түркияда легионер болып көрдім. Ол жақта талап өте жоғары, сен жергілікті футболшыларға қарағанда екі есе сұраласың. Ал бізде екінші алтылықтағы клубтардың көбісінде деңгейі төмен легионерлер аз емес», - деді С.Смақов.

Айта кетейік, биыл Еурокубоктік іріктеу кезеңдерінде отандық клубтар өте сәтсіз өнер көрсетті. Осы себепті қоғамда легионерлердің пайдасыздығы жайлы мәселе көтерілген болатын. Биылғы іріктеуден іркілмей өткен жалғыз «Астана» ғана. Елордалық клуб Конференциялар Лигасының негізгі кезеңіне жолдама ала алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×