«Елімайдың» бұрынғы жартылай қорғаушысы Еркебұлан Нұрғалиев семейлік команданың бас бапкері болған Самат Смақовты клубтан қалай "қуып" жібергенін ашып айтты.
Бұл туралы футболшы «Добрая Ультра» YouTube-арнасына берген сұхбатында мәәлімдеген еді.
«Бәрі қалай болғанын айтып берейін. 2023-жылы Самат Смақовтың қарамағында жаттығу жасап жүргенде-ақ команда тізгінін Андрей Карпович алады деген сыбыс тарай бастады. Шыны керек, клубты бірде-бір жеңіліссіз ҚПЛ-ға алып шыққан адамды қалай алып тастауға болатынын түсінбедік. Түрлі әңгіме айтылып жүрген соң, Самат Смақовтың тікелей өзінен сұрадым. Ол: «Жоқ, кетпеймін, маған команданы 2024-жылға жасақтауды тапсырды» деп жауап берді. Ал маусым аяқталған соң оны орнынан алып тастай салды. Өз басым таңғалдым. Бұл дұрыс емес қой», - деді Еркебұлан Нұрғалиев.
Самат Смақов семейлік клубты ұзақ жылдық үзілістен кейін ҚПЛ-ге алып шыққан еді. Ал оның семейлік ұжымның бас бапкері қызметінен кетуі біраз дау тудырды. Әйтсе де «Елімай» басшылығы өзінің шешімін Смақовта PRO лицензиясы болмағандықтан ҚПЛ клубын жаттықтыра алмайды деп түсіндірген.