“Жетісу” клубының бас бапкері Самат Смақов Қазақстан футбол федерациясының академиясына берілген FIFA Talent Academy мәртебесі туралы пікір білдірді.
“Енді академия тікелей ФИФА бақылауында болады. Мұнда жаттығатын балаларды әлемнің түкпір-түкпірінен келген скауттар көре алады. Бұл біздің жас ойыншылар үшін үлкен мүмкіндік. Әрбір бала шетел чемпионаттарында өзін сынап көруді армандайды, ал бұл жоба олардың сол арманына жақындай түсуіне көмектеседі.” – деді Смақов Meta-ratings.kz сайтына берген сұхбатында.
Еске сала кетсек, мәртебе беру рәсімі 18 қыркүйекте Талғарда өтті. Жоба Қазақстан футбол федерациясы мен ФИФА арасындағы ынтымақтастық нәтижесінде жүзеге асып отыр. Оның басты мақсаты жас ойыншыларды халықаралық стандартқа сай дайындау және олардың дамуына жол ашу.