Самат Смақов: көрермендер цирк емес, футбол көру үшін келеді

27.07.2025, 10:49

Қазақстан Премьер-Лигасының 18-турында «Жетісу» семейлік «Елімайдан» 0:3 есебімен жеңіліп қалды. Кездесуден кейін талдықорғандық команданың бас бапкері Самат Смақов ойын мен төрешілік туралы ашық пікір білдірді.

Самат Смақов: көрермендер цирк емес, футбол көру үшін келеді

— Бірінші таймда «Елімай» бізден толықтай басым болды «Елімай» ойынды толық бақылауда ұстап, тіпті одан да көп гол соғуы мүмкін еді. Пенальтиге келсек, таза пенальти болды. Ешқандай күмән жоқ. Бірақ мені алаңдатқан бірінші гол. Сол сәт бүкіл ойынды бұзды.

Біздің ойыншымыз допты алға жіберіп, жылдамдықпен өтпек болғанда, оны бөгеп тастады. Таза ереже бұзу. Ал төреші үнсіз қалды. Сосын сол шабуылдан гол кірді. Мен төрешіге: «Бұл неге фол емес?» деп сұрасам, ол: «Мен үшін фол емес», дейді. Әрине, сен үшін фол емес! Себебі сен өміріңде футбол ойнап көрмегенсің! Ешқашан!

Қазір төрешілер телефон арқылы немесе нұсқаумен жұмыс істейді. Барлық мықты, әділ төрешілерді шеттетіп тастады. Енді қалғандары өздері төрелік етіп, өздеріне баға беріп жатыр.

Барша Қазақстан біледі. Өткен турда олар қателесті. Енді осы турда соны жабу үшін, арнайы жіберілді. Мен бұл туралы ойын алдында өз жігіттеріме де айттым: «Бәріне дайын болыңдар» деп. Дәл солай болды.

Қазақстан күлкіге қалды. Ресей де, футболды бақылайтын бүкіл жұрт күліп отыр. Бұрынғы футболшылардың бәрі не болып жатқанын көріп отыр. Мұны тоқтату керек.

Мені, бәлкім, 3-4 ойынға шеттетер. Ештеңе етпейді. Бірақ мен бәрібір соңына дейін барамын. Біздің төрешілікке тәртіп керек. Мұндай төрешілер футболды өлтіріп жатыр. Көрермендер цирк емес, футбол көру үшін келеді. Бірақ уайымдамаңыздар: бұларға көп қалған жоқ, — деді Самат Смақов матчтан кейін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×