Самат Смақов ҚПЛ маусымының ең үздік ойыншысын атады

11.08.2025, 18:00

"Жетісу" клубының бас бапкері Самат Смақов QSport басылымына берген сұхбатында, өзінің пікірінше, биылғы Қазақстан Премьер лигасында ең әсерлі ойын көрсетіп жүрген футболшы жайлы айтты.

Самат Смақов ҚПЛ маусымының ең үздік ойыншысын атады

"Қазіргі таңда ерекше көзге түсіп жүрген Дастан Сәтпаев." – деді маман.

2025 жылы 16 жастағы Алматылық "Қайрат” шабуылшысы ҚПЛ-де 19 матч өткізіп, 8 гол соғып, 6 нәтижелі пас берген. Бұл көрсеткіш бойынша ол чемпионаттың бомбардирлер тізімінде үшінші орында тұр.

2026 жылдың тамызында, 18 жасқа толған соң, Сәтпаев карьерасын Англияның "Челси” клубында жалғастырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×