Самат Смақов бапкерлік мансабын бастамақ

29.01.2021, 17:16
Смақовта бапкерлік лицензия бар екен.
Самат Смақов бапкерлік мансабын бастамақ

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы капитаны Самат Смақов "Ордабасы" клубының жаттықтырушылар құрамына қосылады, деп мәлімдеді журналист және инсайдер Айдын Қожахмет.

Оның айтуынша, ертең, 30 қаңтарда Смақов Түркияда шымкенттік клуб орналасқан жерге келеді. Смақов беларуссиялық маман Александр Седневтің көмекшісі болады. Бұл жаттықтырушы өз кезегінде бір жыл бұрын "Ақтөбені" жаттықтырған болатын.

Смақовта А санатындағы лицензия бар екен, бірақ желтоқсан айында PRO лицензиясының жоқтығы оған Қазақстанның жастар құрамасын баптауға кедергі болды.

"Смақов ойыншы болған кезінде өзін осы рөлге дайындады: ол өзін жаттықтырған барлық мамандардың дайындығын қысқаша түртіп алып жүрді. Бірақ күтпеген жерден оны "Ақтөбеге" шақырғандықтан барлық жоспарлар бұзылды, ол өз мақсатынан алшақтап қана қоймай, өзінің футбол мансабын аяқтады.

"Ордабасы" ол үшін, әрине, бөтен клуб емес. Ол кезінде Шымкентте де ойнауға мүмкіндік алды. Оның үстіне, дәл осы жерде ол өзінің соңғы матчын өткізді.", - деп жазады Қожахмет.

Еске салайық, Смақов өзінің ойын мансабын 2018 жылдың қаңтарында аяқтаған болатын. Және "Ақтөбе" клубының бас директоры болып тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×