Сами Хедира «Герта» ойыншысы атанды

02.02.2021, 16:39
Хедира туриндік клубта бес жыл өнер көрсетті.
Сами Хедира «Герта» ойыншысы атанды

"Ювентус" клубының жартылай қорғаушысы Сами Хедира "Гертаға" ауысты, деп хабарлайды берлиндік клубтың ресми сайты. Хедира "Герта" командасында 28 нөмірімен ойнайтын болады.

"Клуб менімен келісімшартқа отыру үшін бар күшін салды. Мен "Гертаға" ризамын және шынымды айтсам, мен осы команданың жейдесін киіп, алаңға шығатын сәтті тағатсыздана күтудемін. Физикалық тұрғыдан өзімді керемет сезінемін. Мен соңғы маусымдарда жинаған тәжірибемді "Гертаға" үлкен жетістіктерге жетуге көмектесу үшін қолданғым келеді", - деді Хедира.

Хедира туриндік "Ювентус" сапында 2015 жылдан бері ойнады. Осы маусымда жартылай қорғаушы А сериясында бірде-бір матч өткізген жоқ. Бұған дейін неміс футболшысы "Штутгарт" пен "Реал Мадрид" клубтарында доп тепкен. 2009 жылдан 2018 жылға дейін Германия құрамасына шақыртылды. Ұлттық құрама сапында әлем чемпионы (2014) және Оңтүстік Африкадағы әлем чемпионатының қола жүлдегері (2010) атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×