Самородов «Ахмат» пен Адиевті құтқара ма?

05.08.2024, 15:00

Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Магомед Адиевтің РПЛ-дегі жағдайы мәз емес. Оның «Ахматы» тұсауы кесілген жаңа біріншіліктің үш турынан кейін екі ұпаймен көш соңында келеді. Магомед Мұсаұлы жаттықтыратын грозныйлық ұжым «Краснодармен» (1:1) және «Оренбургпен» (0:0) тең ойнап, «Локомотивтен» ойсырай ұтылды (0:5).

Самородов «Ахмат» пен Адиевті құтқара ма?
Максим Самородов "Ақтөбе" сапында

Грозныйлық ұжым келесі турда сырт алаңда «Спартакпен» жолығады. Осы бәсекеде Магомед Адиевтің тағдыры шешілуі мүмкін деген ақпарат бар. Егер «Ахмат» ұтылып жатса, бас бапкерді орнынан алуы да мүмкін. Себебі, грозныйлық жанкүйерлер команданың нәтижелеріне көңілі толмайды. Қазір «Ахмат» РПЛ-де 14-сатыда келеді. Магомед Адиевтің командасын тығырықтан шығаруы мүмкін футболшылар қатарында Максим Самородовтың де есімі жүр. Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысының жаңа командадағы таныстырылымы әлі болған жоқ.  Биылғы Қазақстан премьер-лигасының ең нәтижелі футболшысын осы жексенбідегі «Спартакқа» қарсы матчта көріп қалуымыз әбден мүмкін. Жанкүйерлер Самородов тығырыққа тірелген грозныйлық ұжымның бойына қан жүгіртеді деп сенеді.

Естеріңізге сала кетейік, Максим Самородов «Ахматқа» жақында «Ақтөбеден» ауысып барған болатын. Трансфер құны 1 миллион еуроны құрады. Футболшы мен клуб арасындағы келісімшарт 4 жылға жарамды.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×