Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов гол соға алмай жүргеніне қатысты пікір білдірді.
"Шын мәнінде, бұған қатты мән бермеймін. Әр футболшы әр ойында гол соға бермейді. Әлемдік жұлдыздарды алыңыздаршы олар да әр матчта гол соқпайды. Кейде сәтті шығады, кейде болмай қалады. Маған ең бастысы тырысу, мүмкіндік туған кезде барымды салып, гол соғуға ұмтылу. Өкінішке қарай, әрдайым бәрі жүзеге аса бермейді. Бірақ қайталап айтамын, бұған қатты бас қатырмаймын." – деді Самородов.