Самородов «Спартакқа» қарсы матчта тоқсан минут ойнап шықты

30.03.2025, 21:30

Қазақстан құрамасы мен «Ахматтың» жартылай қорғаушысы Максим Самородов РПЛ-дің 22-турында мәскеулік «Спартакқа» қарсы ойынды негізгі құрамда бастап, аяғына дейін өнер көрсетті.

Самородов «Спартакқа» қарсы матчта тоқсан минут ойнап шықты
Максим Самородов

Кездесудегі ойыны үшін футболшының 7,3 деген баға алғанын да қоса кетейік. 

Кездесудің өзі 0:0-мен аяқталды. 22 турдан кейін грозныйлық клуб 19 ұпаймен 14-сатыда, ал «Спартак» 44 ұпаймен екінші келеді. 

Максим Самородов РПЛ-24/25 маусымындағы 16 матчта 3 рет мергендік танытып, 2 голдық пас шығарды. Сондай-ақ, Ресей Кубогіндегі 5 ойындағы 2 добы бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×