"Тобыл" Ресей Премьер лигасының жұлдызын қатарға қосуға дайын, деп хабарлайды Aladop.kz.
Match KZ мәліметінше "Ахматтың" белді ойыншысы Амин Талал жуырда Қостанайлық клубтың жейдесін киюі мүмкін.
29 жастағы Марокколық алаңда "ондық” позициясында (шабуылдаушы жартылай қорғаушы) өнер көрсетеді. Мамандардың айтуынша, Талалдың ойынды оқу қабілеті мен техникалық қабілеті өте жоғары.
Аминнің басты артықшылықтары:
• Ойынды басқару: Алаңды керемет көреді және шабуылдың бағытын бір паспен өзгерте алады.
• Техника: Допқа иелік ету шеберлігі жоғары, бұл тығыз қорғанысты бұзып өтуге мүмкіндік береді.
• Тәжірибе: Ресей Премьер лигасы сияқты деңгейі жоғары чемпионатта шыңдалған.
Грозныйлық "Ахмат" сапында Амин Талал 29 матчта 3 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген.
Қазіргі таңда ойыншының трансферлік құны 400 мың еуроға бағаланып отыр.